Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыдағы әлем чемпионатында хиджабсыз шыққан ирандық шахматшы шетелде бас сауғалауға мәжбүр

03 қаңтар 2023, 13:56

2012 жылдан бері әлемдегі мықты шахматшылардың бірі - 25 жастағы Сарасадат Хадемалшарие Қазақстандағы жылдам шахмат және блиц бойынша әлем чемпионатына қатысқаннан кейін тұрғылықты жерін Испанияға ауыстыруға мәжбүр.

Оның себебі - оның ойынға хиджабсыз шығуы. Ол ирандық режим тарапынан қауіпті жазалауға ұшырауы мүмкін.

Бірнеше дерек көздерінде ирандық шахматшы мен оның отбасысында Испанияда үйі бары айтылады, бірақ спортшының Испанияда тұруына ықтияр хаттың бар-жоғы белгісіз.

Иран шахмат федерациясының басшысы Хасан Тамини Алматыдағы шахмат бойынша әлем чемпионатында орамалсыз ойнаған Сарасадат Хадемалшарие республиканы таныстырмайтынын айтты.

"Хадем чемпионатқа Иран федерациясы арқылы емес, өз бетінше, өз қаражатына кетті. Бірақ біз бұл шахматшыдан мұндай әрекет күтпедік, себебі ол бұған дейін турнирлерге барлық стандартттарға сай қатысып жүрді", - деді ол.

Сарасадат Хадемалшарие Алматыдағы чемпионатта орамалын шешкен жалғыз шахматшы емес. Басқа ирандық шахматшы Атуса Пуркашьян да солай істеген болатын. Алайда Хадем мен Пуркашьян өз әрекеттерінің себебін айтпады. Көпшілік олар Ирандағы наразылықтарға қолдау ретінде хиджабтарын шешті деп тұжырымдады.

Иранда шамамен үш ай бұрын "хиджабты дұрыс кимегені үшін полицейлер соққысынан" қайтыс болған Махса Аминидің өліміне байланысты жаппай наразылық басталған болатын.

 NEGE.