Шартарап

Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

  • Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

    Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

 Криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg-ге сілтеме жасап. 

Бішкек қаласының Бірінші май аудандық сотында криминалды әлемнің серкесі Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша сот қарауы аяқталды. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты. Бұған дейін прокурорлар оның мүлкін тәркілеумен қоса 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Талқылау бөлмесінен шыққаннан кейін сот Эмильбек Кайыпов Алмазбек Атамбаевты мүлкін тәркілеумен бірге 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыс әлемінің белсендісін заңсыз босатуға қатысты тергеу 2019 жылдың қаңтарында қайта жанданған болатын. Іс сол жылдың қазан айында сотқа жіберілді. Айыпталушылардың жалпы саны 19 адам. Олар – сотталғанға диагноз қойған дәрігерлер мен зертханашылар, мемлекеттік жазалауды орындау қызметінің өкілдері және бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевпен қоса басқа да жоғары лауазымды тұлғалар. Еске салсақ, бұған дейін қылмыс әлемінің серкесін босатқаны үшін Алмазбек Атамбаев 15 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.06.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31