Шартарап

Алты жасар бала қарындасын иттен арашалап қалды

  • фото: ntv.ru/novosti

    фото: ntv.ru/novosti

Бриджер Уокер есімді алты жасар бала қарындасын иттің шабуылынан құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Оқиға 9 шілде күні АҚШ-тың Вайоминг штатында болған. Уоркер ашулы күйде қарындасына қарай жүгіріп келе жатқан итті көріп, оны денесімен жауып қалған. Сол сәтте әлгі ит оның басы мен бетін бірнеше жерден тістеген. Батыл бала бұған қарамастан, қарындасын жетектеп, қауіпсіз жерге апарған.

 

"Егер біреу өлуі керек болса, ол мен болуым керек деп ойладым", - дейді ержүрек балақай.

 

Осы оқиғадан кейін Бриджердің әрекеті туралы оның әпкесі Никки Уокер Instagram парақшасында жазба жариялады.

 

Желіге жүктелген суреттерден баланың ауыр жарақаттар алғаны анық байқалып тұр. Оның ерні, сол жақ беті мен көзіне зақым келген. Әпкесінің хабарлауынша, жарақаттанған оған пластикалық хирург 90-ға жуық тіс қойып берген.

 

Қазір баланың жағдайы біртіндеп түзеліп келе келеді. Көңіл-күйі тамаша. Дегенмен, әлі де көп күле алмайды. Бауырын құтқарамын деп, өзі запа шегіп қалған баланың басынан өткен оқиғаны білген көптеген желі қолданушылары оған қолдау білдіруде. Тіпті, арасында қаржылай көмек ұсынғандары да бар. Алайда, оның әпкесі әлгі ақшаларды қайырымдылық шараларына жұмсауды өтініп отыр.

 




Көрілген: 223    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30