Алты жасар қыз екі айлық бауырын өртеп жіберген

12 қараша 2018, 20:13

Самарқандтың Каттакурган ауданында 6 жасар қыз екі айлық бауыры жатқан бесікті өртеп жіберген. Күйік алған балалар ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 10 қараша күні Самарқанд қаласының Каттакурган ауданында болған.

Үйде ата-ананың қарауынсыз қалған қыз бала сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда екі айлық бауыры жатқан бесікті өртеп жіберіпті.
Өртті балалардың ата-анасы өшірген.

Әртүрлі күйік алған балалар ауруханаға жеткізілген.