Шартарап

Аляска тұрғыны теңіз жағасынан хат салынған бөтелке тауып алды

  • https://24.kz

    https://24.kz

Аляска тұрғыны теңіз жағасынан ішіне хат салынған бөтелке тауып алды.


Бір ерекшелігі, мөр басылған хат 1969 жылы жазылыпты және ол орыс тілінде болған.


Сөйтіп таңқаларлық олжаға кездейсоқ тап болған америкалық азамат бөтелкенің суреті мен ішіндегі жазуды әлеуметтік желіге жариялаған.


Хатта автор Кеңестің қиыр шығысындағы теңіз күштерінде қызмет ететінін жазған. Бұдан бөлек, ол бәріне сәлем жолдап, хатты Владивостокқа жіберуді сұрайды. Соңында кеме экипажына денсаулық пен ұзақ өмір тілеген.


Қуаныштысы, жуырда жазбаның авторы табылды. Ол 86 жастағы Анатолий Боцаненко болып шықты. Бұрынғы теңізші қазір Севастополь қаласында тұрады екен.


Айтуынша, хаттың Аляскадан бір-ақ шығатыны үш ұйықтаса түсіне де кірмепті.


Анатолий Боцаненко, бұрынғы теңізші:


– Бөтелке Магаданға жақын орналасқан Приморье жағалауына жетер деп ойладық. Әрі кетсе Курил аралдарынан немесе Қытайдан табылар дегенбіз. Бірақ ол Беринг бұзағынан өтіп, Аляскадан бір-ақ шықты. Бұл адам сенгісіз жайт. Ол жаққа бөтелке қалай жетті?


 24.kz




Көрілген: 1222    Пікірлер: 0

жұма, 23.08.2019, 15:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30