Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Америкалық ғалымдар өлген шошқаны бір сағаттан кейін тірілтіп алды – БАҚ

07 тамыз 2022, 14:38

Йель университетінің ғалымдары жаңа технологияның көмегімен өлген шошқаның бір сағаттан кейін қан айналымы мен ішкі ағзаларының жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nature журналына сілтеме жасап.  

Эксперимент кезінде ғалымдар наркозда жатқан шошқаның жүрек ұстамасын жасанды түрде қоздырды. Бір сағаттан кейін жануардың денесі жүрек пен өкпенің жұмысын алмастыратын аппаратқа қосылды. OrganEx эксперименттік сұйықтығы жануарға кезең-кезеңмен енгізілді. Нәтижесінде ол тіндердің тұтастығын сақтап, жасушалардың жойылуын тоқтатты және негізгі органдардың жұмысын қалпына келтірді.

"Бұл шын мәнінде маңызды жұмыс болды. Зерттеу өлгеннен кейін сүтқоректілердің органдарындағы жасушалар (соның ішінде адамдар) бірнеше сағат ішінде өлмейтінін көрсетеді. < ... > Ғылыми тұрғыдан алғанда, өлім - бұл бірнеше сағат бойы емделетін және қалпына келетін биологиялық процесс", - деп журнал Гроссман медициналық мектебінің реанимация жөніндегі директоры Сэм Парнийдің сөздерін жазады. 

Ғалымдар алты сағаттан кейін жүрек, бауыр және бүйрек жасушаларының белгілі бір функциялары толығымен қалпына келтірілгенін анықтады. Мақалада операциядан жасалған шошқаның жайы ары қарай не болғаны жазылмаған. 

Дәрігердің айтуынша, зерттеу нәтижелері көз жұмған адамдардың трансплантацияға керек донорлық мүшелерін сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, дәрігерлер бұл жобаның адамды тірілтіп, қан ұйығаннан немесе ішкі қан кетуден туындаған жүрек ұстамасынан кейін ағзаның жұмысын қалпына келуіне көмектесе алатынын айтқан, делінген мақалада.