Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Америкалық ғалымдар сынақ жасауға қажет маймылдар тапшы екенін мәлімдеді

19 желтоқсан 2022, 12:41

Америкалық ғалымдар сынақ жасауға қажет маймылдар тапшы екенін айтты. Салдарынан бірқатар зерттеуді уақытында жүргізе алмай отыр, деп хабарлайды Financial Times сарапшыларға сілтеме жасап.
 
"Бірқатар зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдар адам тәрізді емес приматтарды сатып алудағы қиындықтарға байланысты кешіктірулер бір жылға дейін созылып жатқанын айтты. Ғалымдар олар ерте зерттеуде дәрі-дәрмек қауіпсіздігін дәлелдеу үшін қажет екенін мәлімдеді", - деп жазылған мақалада.
 
Айта кетері, бұған дейін АҚШ-қа маймылдарды негізгі жеткізуші Қытай болған. Бірақ 2020 жылы билік оларды экспорттауға тыйым салды.
Осы себепті 2019-2022 жылдар аралығында маймылдың бағасы үш есеге өсті. Evercore ISI болжамы бойынша, 2023 жылы бұл көрсеткіш 30-35 мың долларға дейін артады.
Жеткізушілер АҚШ билігі Камбоджа шенеуніктерін зерттеу мақсатында АҚШ-қа маймылдарды заңсыз әкелді деп айыптаған. Осыдан кейін Камбоджадан импорттау кезінде кедергілер туындауы мүмкін.

sputnik.kz