Шартарап

Анасы етік сатып алу үшін жаңа туған нәрестесін сатып жіберді

  • Анасы етік сатып алу үшін жаңа туған нәрестесін сатып жіберді

    Анасы етік сатып алу үшін жаңа туған нәрестесін сатып жіберді

Мәскеуде 25 жастағы ана жаңа туған қызын сатпақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу департаментінің сайтына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
«Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы өзімшілдік ниетпен интернетте жаңа туған қызын асырап алушыларды іздейтіні туралы жарнама жариялаған. Күдікті ата-аналармен хат алмасу барысында өзіне 300 мың рубль мөлшерінде ақша аударуды талап еткен. Содан кейін 2020 жылы 8 қазанда Мәскеудің шығысында орналасқан кофеханалардың бірінде ақшаны алып, баланы асырап алушыға тапсырды», - делінген хабарламада.

Әйел ұсталды. Еріктілердің айтуынша, қыз Дағыстанның тумасы. Оған баланың қауіпті жағдайда екенін түсіндіруге тырысты, бірақ шешесі өз шешімінен бас тартқысы келмеді.

«Әрине, оның тағдыры қиын екенін түсінеміз. Алайда біз баланың сығандарға берілетінін ескерттік, содан кейін ол баланың тағдырына алаңдай бастады. Баланы сататынын әйелдің әпкесі де білген. Ол ақшаға жаңа етік сатып алатынын айтып, хат жазысқан. Сонымен қатар, әйел ақша ұсынған тағы бірнеше клиенттермен хат жазысқан. Егер біз уақытында араласпаған болсақ, онда бұл баланың тағдыры қалай болары белгісіз еді», - деп атап өтті ұйым.

Жауап алу кезінде әйел кінәсін толық мойындады және оған айып тағылды.

Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қылмыстық тергеу жалғасуда.




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 08:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30