Шартарап

Анасы полицейден кетіп, маньякқа тиген: Азамат екі өгей қызын өлтіріп, зорлап кетті

  • Анасы полицейден кетіп, маньякқа тиген: Азамат екі өгей қызын өлтіріп, зорлап кетті

    Анасы полицейден кетіп, маньякқа тиген: Азамат екі өгей қызын өлтіріп, зорлап кетті

Виталий Молчанов 2009 жылы Екатеринбургте бір әйелді өлтіріп, денесін азғындағаны үшін 11 жылға сотталды. Түрмеде шыққан соң да бір қызды зорламақ болды. Алайды арам ойын іске асыра алмады. 

 

Түрмеден шыққан соң интернет арқылы Валентинамен танысады. Валентина бірнеше ай бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Ұлы әкесімен кетіп, екі қызын өзімен бірге қалған. Виталий Валентинадан өз үйіне көшіп келуін сұрайды. Бастапқыда екеуі бір айдай бірге тұрады. Кейін екі қызын көшіріп алады. 

Қыздардың әкесі олардың Виталиймен бірге тұруына қарсылық білдіргін. 

Виталий екі қызға да жақсы қарап, әкесіндей қамқорлық танытады. Кіші қызы оны әке деп атай бастайды. 

Жергілікті мектептің біріне қызметке тұрған Валентина сол күні жұмыстан кеш келетінін ескертеді. Ал, көршілері 1-қабаттан қыз балалардың азапты даусын естіп, полиция шақырады. Полиция тез жеткенімен, екі қыздың денесі екі бөлмеде, қан-жоса күйінде табылды. Сараптамада екі қыздың да зорланғаны анықталды. 

Виталий бірнеше күні іздеуде болды. Жергілікті билік қылмыскер туралы ақпарат үшін қомақты сыйақы тағайындалды. 

Қылмыскер бірнеше күннен соң қаладан 10 шақырым жерден табылды. Ол бар кінәсін мойындады. Қыздарды қалай өлтіргенін, қалай зорлағанын айтты. Бұл іске полицияға деген кекшілдіктен барғанын айтқан. Себебі екі қыздың әкесі полицей екенін білген. Валентинаның бұрынғы күйеуі ІІМ қылмыстық іздеу бөлімінің бұрынғы басшысы еді. 

Қылмыстың жоспарлы түрде болғанын, әлде күтпеген жерден болғанын тергеу анықтайды. Оқиға болған күні айыпталушы есін білместей мас болған. 




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.09.2020, 18:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31