Анджелина Джоли Украинаға келді

01 мамыр 2022, 10:29

Танымал актриса Анджелина Джоли Украинаға келді. Бұл туралы сенбі, 30 сәуірде украиналық БАҚ-тар хабарлады, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

OBOZREVATEL украиналық порталының журналисі Майя Подгородецкая Джоли Львовтегі кафеге кірген кезіндегі видеоны бөлісті. Оның сөзінше, журналист актрисаны кафеде көремін деп күтпеген.

 

 

Артынша актриса Львов орталығында украиналықтармен сөйлесіп, тұрғындармен суретке түскен.

 

Артынша "Укрзалізниця" компаниясы Facebook-те актрисаның суретін бөлісті.

 

"Анджелина Джоли гуманитарлық мақсатта Украинаға келіп, Львовтағы теміржол вокзалына келіп, Покровскіден эвакуацияланған жолаушыларды күтіп алды", - делінген хабарламада.

 

Анджелина Джоли бірнеше жылдан бері БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген босқындарға көмектесіп, қоғамдық қызмет пен қайырымдылыққа көп көңіл бөледі.