Германияның оңтүстігінде анестезиолог дәрігердің құрбандар саны өсіп келеді. Маман С гепатитін 1300 адамға жұқтырған болуы мүмкін деп хабарлайды mk.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Донаувёрт қаласында 1300 тұрғын шұғыл түрде тексеруден өту туралы хабарлама алған. Қазірдің өзінде 45 адамның гепатиттің жұқтырғаны нақты дәлелденді.
Ntv.ru дереккөзінің мәліметінше, бір жыл бойы жергілікті ауруханада қызмет еткен анетезиолог барлық отаға қатысып отырған. Осы арқылы инфекция адамдардың ағзасына түсіпті.
Әзірге аталмыш іске қатысты көптеген дерек ашылмаған. Алдын ала болжам бойынша дәрігерде вирус бары тексеріс кезінде анықталыпты. Алайда науқас анестезиолог үнемі ем қабылдап жүрген деген ақапарат та бар.
Енді полиция күдіктінің қатыгездікке қасақана барғаны немесе білместіктен болғанын анықтап жатыр.