Анкара Вашингтоннан F-35 ұшақтары үшін төленген 1,4 млрд долларды қайтаруды талап етеді

22 қазан 2021, 00:28

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша,ұшақтарды жеткізу бойынша келіссөздер әлі де жалғасуда. Дегенмен, Ердоған американдық әріптесі Джо Байденге 30-31 қазанда Римде өтетін "Үлкен жиырмалық" (G20) саммитінде ақшаны қайтару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеуге ниетті.

 
Ұшақтарды жеткізу туралы даулар 2017 жылы Мәскеу мен Анкара С-400 зениттік-зымыран жүйелерін Түркияға жеткізуге келісімшарт жасағаннан кейін басталды. Түрік тарапының шешімі НАТО-ның барлық елдерінің, соның ішінде АҚШ-тың теріс реакциясын тудырды. Вашингтон әлі күнге дейін Түркияның ресейлік С-400 зениттік-зымыран жүйелерінен бас тартуына қол жеткізуге тырысуда, осыған байланысты ол біржақты санкциялар енгізуде.

Айта кетейік, Түркия Ресейден С-400 жүйесін сатып алған НАТО елдерінің алғашқысы.