Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Анкарада "Көк бөрілер" ұйымының экс-басшысын белгісіз біреулер өлтіріп кетті

31 желтоқсан 2022, 23:11

Анкарада Bozkurtular (Көк бөрілер) деген атпен танымал түріктің "Идеалогиялық ошақтар" ұйымының бұрынғы басшысы, профессор Синан Атешті белгісіз біреулер өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Sözçü газетінің хабарлауынша, Атеш пен оның досы Селманды Чанкая ауданындағы үйінің шыға берісінде екі мотоцикльге мінгендер атып кеткен, деп хабарлайды РИА Новости.

 

"Оқ Синан Атештің басына, ал Селманның иығына тиген. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы жүрекке массаж жасап, содан кейін жеке ауруханаға жеткізгенімен Синан Атеш көз жұмды. Мотоцикльдегі қашқындарды ұстау операциясы басталды", деп жазады басылым.

 

Хабарлама түсе салысымен оқиға орнына көптеген полиция тобы жөнелтілгені нақтыланады.

 

Түркі БАҚ-тарының хабарлауынша, аталған қанды оқиғаға қатысты үш күдікті ұсталды.

 

Bozkurtular - түрік ұлтшыл жастар ұйымы. 1960 жылдардың соңында полковник Алпарслан Түркештің бастамасымен Ұлтшыл қозғалыс партиясының (MHP) қамқорлығымен құрылды, ол кейде тарап отырған. Басқа нұсқаларға сәйкес, ол 1948 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Bozkurtular - пантюркизм идеологиясын ұстанатын МHP-дің ең радикалды қанаты.