Шартарап

Әнші Жасминнің күйеуіне халықаралық іздеу жариялады

  • Сурет : wday.ru

    Сурет : wday.ru

42 жастағы ресейлік әнші Жасмин алдында "Эльдарадо" мейрамханасының қожайыны Вячеслав Семендуевтен ажырасып, содан соң молдовалық кәсіпкер Илан Шораға күйеуге тиген болатын.


Молдова Ішкі істер министрлігі депутат Илан Шораға халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды РИА Новости осы елдің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


- Ішкі істер министрлігі Илан Миронович Шораға ұлттық және халықаралық іздеу жариялады. Бұл жарлықты орындау міндеті Ішкі істер министрлігі жанындағы Бас полиция инспекциясына жүктелген, - делінген министрлік сайтында жарияланған хабарламада.


Бұған дейін елден ескертусіз кеткені үшін депутат Шораның үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сондай-ақ,оның бүгіндері Украинада тығылып жүргені болжанады.



2017 жылғы маусымда Илан Шораға Кишинев соты үкім шығарған. Ол банк операцияларындағы алаяқтық ісіне қатысушы ретінде сотқа тартылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған Молдова аумағынан шығуға тыйым салынған. Ақпандағы сайлаудан соң ол Шор партиясының басшысы ретінде парламентке депутат болып сайланған.


Айта кетсек, 42 жастағы ресейлік әнші Жасмин алдында "Эльдарадо" мейрамханасының қожайыны Вячеслав Семендуевтен ажырасып, содан соң молдовалық кәсіпкер Илан Шораға күйеуге тиген болатын. Ол бұрынғы күйеуі қызғанып, ұрып-соғады деп БАҚ беттерінде дау көтерген. Оның бірінші некесінен бір ұлы бар, кейінгі күйеуінен тағы екі бала дүниеге әкелген. Жасмин өзін бақытты санап, өзінің екінші некесін сәтті деп бағалаған еді. Бірақ оның отбасылық өмірі тағы сынаққа түсіп жатқан сияқты.


Жасмин бұрынғы күйеуімен:




zakon.kz



Көрілген: 1374    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 20:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31