Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Apple Iphone 12-нің өндірісін тоқтатпақ

07 ақпан 2021, 13:31

IPhone 12 mini өндірісі 2021 жылдың екінші тоқсанында тоқтайды. Смартфонның жаңа желісінде Apple компаниясы оңтайланған және тартымды шағын модельді айналымға шығарады, деп хабарлайды ixbt.com.

2020 жылы қазанда Apple iPhone 12 mini, iPhone 12, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max кіретін iPhone 12 ұялы телефондар желісін қолданысқа ұсынды.

iPhone 12 mini 5,4 дюйм OLED дисплейімен жабдықталған және компаниядағы ең арзан смартфон. Алайда бағасының төмендігіне қарамастан iPhone 12 mini ең аз сатылған модель. Ол сатылымы 6 пайыз ғана болған.

Жақында JPMorgan Chase инвестициялық ұйымы соңғы болжамын жариялады. Ондағы сарапшы Уильям Янгтың талдауынан кейін iPhone 12 және iPhone 12 mini өндіру болжамы 9 және 11 миллионға азайды. Сондай-ақ, ол iPhone 12 mini-ге нарықта сұраныс аз екенін және әлемдік сатылым көрсеткіші тым төмен екенін растады. Сарапшы түрлі дереккөзге сілтеме жасап Apple бұл телефонды 2021 жылдың екінші тоқсанында шығаруды тоқтататынын айтты.

Осылайша, iPhone 12 mini iPhone тарихындағы ең қысқа мерзімді флагмандық модель болуы мүмкін. Сондай-ақ, сарапшы iPhone 12 Pro Max-тың сату болжамын 11 миллионға арттырған.