Шартарап

Ар-намыс үшін қызының басын кесіп тастады

  • https://www.aljazeera.com/

    https://www.aljazeera.com/

Иранда ар-намыс үшін өзнің 14 жастағы қызының басын шауып тастаған ер азаматтың оқиғасы жұртты дүр сілкіндірді. Бұл ақпарат лезде жергілікті басылымдардан әлем халқының құлағына жетті, деп хабарлайды   stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Аталмыш оқиға жайында Al Jazeera сайтында жарияланыпты.

 

Сұмдық жайт Иранның Талеш қаласында орын алған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ер адам қызының басын орақпен кесіп тастаған.

 

Ромина Ашрафи есімді марқұм қыз 35 жастағы ер азаматқа ғашық болып, үйінен қашып кеткен. Алайда оның әкесі олардың ара-қатынасына қарсы болыпты. Полицейлер қыздың "қайтқысы келмейтінін, тіпті, отбасындағылар оны өлтіруі мүмкін" деген сөзіне қарамастан жеткіншекті үйіне қайтарыпты. Біраз уақыттан кейін Ромина көз жұмғаны белгілі болыпты.

 

Қылмыс жасаған әкесі суық қарумен бірге полицейлерге келіп, өзі берілген. Иран заңы бойынша, оның он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ғажап емес

 

Бұл оқиғадан кейін елде жаппай толқулар болып өткен сыңайлы. Осыған байданысты Иран басшысы Хасан Роухани әйелдерге озбырлық көрсетуге жол бермеу үшін заңды қатаңдату керектігін айтыпты.

 

Атап кетерлік жайт, Иранда қыздарға 13 жастан бастап тұрмыс құруға рұқсат берілген. 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31