Араб коалициясы Йемен астанасын бомбалау басталғанын хабарлады

18 қаңтар 2022, 15:41

Сауд Арабиясы жетекшілік ететін араб коалициясы шииттік «Ансар Алла» (хуситтер) қозғалысының БАӘ территориясына жасаған соққыларына жауап ретінде Йемен астанасы Сана қаласын бомбалау басталғанын хабарлады orda.kz.

 

Коалицияның айтуынша, әуе соққылары «қауіп пен әскери қажеттілікке жауап» деп аталады. Жарылыстар «терроризм жетекшілерін» нысанаға алғаны айтылады.

 

– Коалицияның әуе күштері Санада тәулік бойы операция жүргізіп жатыр… Біз бейбіт тұрғындарды қауіпсіздік үшін әскери лагерьлердің жанынан аулақ болуға шақырамыз, – деді коалиция мүшесі Sky News Arabia арнасында.

 

Айта кетейік, F-15 бомбалаушы жойғыш ұшақтары БАӘ-ге соққы беру үшін қолданылған екі баллистикалық зымыран тасығышын жойды.

 

Ансар Алла бақылайтын «Әл-Масира» телеарнасының хабарлауынша, шабуыл салдарынан алғашқы мәліметтер бойынша төрт адам қаза тауып, бес адам жараланған.