Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Аргентинада жеңісті тойлау кезінде 22 жастағы жігіт жазым болды

21 желтоқсан 2022, 10:44

Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Dally Mail басылымына сілтеме жасап.

Аргентина құрамасының жанкүйері халықтық серуен кезінде көз жұмды. Британдық Dally Mail басылымы мәлім етіне қарағанда, ел құрамасының жеңісіне байланысты мерекелік серуен кезінде жанкүйер иығына асып алған Аргентина ұлттық туына тұншығып қайтқан.

Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған. Марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста. Ол өзінің мотоциклімен жүргенде, тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қайтқан.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін Аргентина құрамасы еліне оралды. Оларды жанкүйерлер салтанатты отшашумен қарсы алды. Футболшылар мінген автобус Буэнос-Айрес көшелерімен жүріп өтпекші.

Аргентина футболшыларының алтын жүлдесін бүкіл ел тойлап жатыр.