Армения мен Әзірбайжан шекарасында арандатушылықтар байқалды

20 ақпан 2022, 14:52

Әзірбайжанның мәліметінше, Армения қарулы күштері шекарада арандатушылық  әрекеттер жасағандеп хабарлайды orda.kz.

 

Армения қарулы күштері бөлімшелері Тоғыз облысының Мунджуглу елді мекені бағытында Әзірбайжан армиясы тарапына мерзімді түрде атыс қаруынан оқ жаудырды, деп жазады Anadolu агенттігі.

 

«18 ақпан күні сағат 22:30-дан бастап мемлекеттік шекараның Тоғызқала ауданы Гүлелі ауылындағы бекіністерден  ешқандай себепсіз атқылау жүргізілді. Көрсетілген бағытта орналасқан Әзірбайжан армиясының бөлімшелері тиісті шаралар қабылдады»  деп нақтылады Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Әзірбайжан қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасы арасында шығын жоқ екені атап өтілді. Шекарадағы жағдай әлі де тұрақты және Әзірбайжан әскерінің бақылауында.