Шартарап

Армения Таулы Қарабақ мәселесін қалай шешуге болатынын айтты

  • Армения Таулы Қарабақ мәселесін қалай шешуге болатынын айтты

    Армения Таулы Қарабақ мәселесін қалай шешуге болатынын айтты

Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты келіссөздердің екінші кезеңі де сәтсіз аяқталды. 18 қазанда басталған өзара келісулерден ештеңе шыққан жоқ, деп хабарлайды РБК ақпараттық агенттігі.

Арменияның Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында Таулы Қарабақ мәселесін қантөгіспен шешуге болмайтынын, оның шешімі тек бейбіт келіссөздер екеніне жеткізген.

Сондай-ақ Армения ведомствосы Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігін кейбір ақпаратты бұрмалап беріп жатқаны үшін сынға алды.

«Мәселен, олар «Әзірбайжан мен Түркия бейбіт келіссөздерге дайын. Бірақ оны Армения тарапы қабылдамай отыр» деген бағытта мәліметтер таратумен әлек. Шын мәнінде Армения тарапы қақтығыстарға жол бермей, мәселені қарусыз шешуге әзір»,-  делінген хабарламада.
РБК агенттігінің хабарлауынша, Армения үкіметі кикілжіңді әскери шабуылға ұластырмай, өзара келісімге келу арқылы шешуге қадам жасап отыр. ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағалары халықаралық талаптарға сүйене отырып, екі жақты атысты тоқтатуға мүдделі. Алайда, Таулы Қарабақ бойынша келіссөздің екінші кезеңі де сәтсіз аяқталды. Баку мен Ереван арасындағы атыс жалғасып жатыр. Бір-бірін айыптаумен шектелген тараптар соғысты тоқтатар емес. 

Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыс биыл 27 қыркүйекте басталған болатын. Ресми Баку мен Ереван арасындағы жер үшін басталған соғыстың қашан аяқталатынын сарапшылар да дөп басып айта алмай отыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 965    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30