Шартарап

Арменияда Пашинян отставкасын талап еткен наразылар үкімет ғимаратына басып кірді

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Арменияда премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен наразы топ 1 наурызда Ереванда үкімет ғимаратына басып кірді.

 

Былтыр күзде алты аптаға созылған Қарабақ соғысынан кейін елде Пашинянды кінәлаған наразылықтар жиілеп, оппозиция содан бері премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп келеді.

 

Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге 9 қарашада қол қойылды. Мәскеу араағайындық еткен келісім бойынша, Армения өзін республика жариялаған Таулы Қарабақтың біраз бөлігін және Әзербайжанға жапсарлас жатқан бірқатар ауданды көршісіне қайтарған.

 

Парламенттегі орындардың басым бөлігін иемденіп отырған "Менің қадамым" альянсының жетекшісі, премьер-министр Никол Пашинян мерзімінен ерте сайлау өткізу туралы оппозиция талабын кері қайтарып, мәселені талқылауға шақырған. Өткен аптада әскери басшылар премьер-министр мен үкімет отставкасын талап еткеннен кейін Пашинян елде қарсыластарының "әскери төңкеріс жасамақ болғанын" мәлімдеген.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 03:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30