Шартарап

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

  • Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

    Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі 2022 жылдың бірінші наурызына дейін ұзартылды.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген көліктерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам автомобиль есепке қойылған.

"Ал 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз көлігін  тіркеуге немесе оларды елден тыс жерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себеп бар. Осы проблемаларды ескере отырып, үкімет биылғы жылдың 27 ақпанында осындай автомобильдерді тіркеу мерзімін 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, Арменияда тіркелген және біздің елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктердің иелеріне өз көлігін есепке қою мәселесін шешу үшін қосымша уақыт берілді", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Жүргізушілер қандай қиындыққа тап болды
Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиннің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтуге шектеу қойылғандықтан автокөлікті Арменияға кері әкету мәселесі туындады.

Сондай-ақ, карантинге және аккредиттелген зертханалардың барлық өңірде болмауына байланысты кейбір жүргізушілер қайта жабдықталған автомобильдерді уақтылы сынақтан өткізе алмады.

"Қаржы пирамидалары" бойынша қылмыстық істерді тергеуге байланысты бірқатар көлікті (олар ломбардтардағы, микрокредиттік ұйымдардағы кепілдік мүлік болып табылады) пайдалану шектелді.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Қазақстанда тіркеуден өткен көліктердің иелерін Армениядағы салық міндеттемелерінен босату туралы үкіметаралық келісім ішкі және мемлекетаралық рәсімдерден өтуде. Бұл жұмыс автокөлік иелерін (Армения мен Қазақстанда) &ldquoқосарланған&rdquo салықтан босатуға бағытталған.




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 20:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30