Шартарап

Армениялық нөмірі бар автокөлік иелері Арменияның қарулы күштеріне шақырылады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Арменияның сыртқы істер министрлігі көлігі армян нөмірлерімен тіркелген ресейлік жүргізушілерді Арменияның қарулы күштерінің қатарында көргісі келетіндігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Kolibri.press-ке сілтеме жасап.

 

"Көптеген жыл бойы қаншама ресейлік жүргізуші көліктерінің нөмірінде Армения туын қолданып, Ресеймен салыстырғанда мөлшері төмен көлік салығы мен кедендік баж салығының арқасында пайда көрген. Енді, Армения үшін осынау қиын сәтте, елге қарызды қайтаратын кез келді",&ndash деді Ресейдегі Армения елшісі Рафик Асагян.

 

Дипломат егер жүргізушілер Арменияның қарулы күштеріне шақырылса, мемлекеттік жол қауіпсіздігі инспекциясы ресейліктерге тиесілі армян нөмірлері бар көліктерге деген екі жақты көзқарас мәселесін шеше алады деп түсіндірді.

 

"Біз жүргізушілердің ант беруімен қатар, оларға Армения азаматтығын береміз деп сенеміз. Бұл жағдайда әскери науқан аяқталғаннан кейін Ресейдің жол полициясы жүргізушілерге ешқандай талап қоя алмайды, өйткені Армения азаматтары Ресей аумағында армян нөмірлері бар көліктермен жүруге құқылы", &ndash деді елші.

 

Армян нөмірлері бар автокөлік жүргізушілерін әскерге шақыру пункттерін Мәскеуде, Краснодарда, Дондағы Ростовта, Сочиде және Симферопольде ашу жоспарлануда.

 




Көрілген: 2919    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30