Шартарап

Арнольд Шварценеггердің қызы тұрмысқа шықты

  • Фото: Reuters / Mario Anzuoni

    Фото: Reuters / Mario Anzuoni

Әлемдік киножұлдыз және саясаткер Арнольд Шварценеггердің үлкен қызы Кэтрин Юнис Шварценеггер голливудтық актер Крис Праттқа тұрмысқа шықты. People басылымының ақпараты бойынша, неке қию рәсімі 8 маусым күні Калифорниядағы жекеменшік ранчода өткен. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Тойға жұбайлардың жақын достары мен туыстары, соның ішінде 29 жастағы қалыңдықтың ажырасқан ата-анасы- Арнольд Шварценеггер мен Мария Шрайвер келген. 39 жастағы күйеу жігіт тарапынан бірінші некеден туған алты жасар Джек есімді ұлы болған.


Пратт 2017 жылдың тамыз айында актриса Анна Фариспен ажырасып кетсе, жазушы Кэтрин алғаш рет тұрмысқа шығып отыр.


Алдын ала қабылданған қауіпсіздік шараларына қарамастан, журналистер тойдан бірнеше сурет түсіріп алған. Жастар Кэтриннің анасының арқасында 2018 жылдың жазынан бастап кездесе бастаған. Ал 2019 жылдың қаңтар айында олар бір-бірімен атастырылып қойды.


Айта кетейік, Крисс Пратт көпшілікке "Галактика күзетшілері", "Кек алушылар: Шексіздік соғысы", "Жолаушылар" фильмі арқылы таныс.


 




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 14:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30