Шартарап

Ашынған ару қоштасу сүйісуінде жігітін тілсіз қалдырды

  • © takprosto.cc

    © takprosto.cc

Барселоналық қыз өзін тастап кеткен жігіттің тілін қоштасу сүйісуінде жұлып алыпты. Бұл туралы жергілікті «El Español» жаңалықтар порталы хабарлады.


24 жастағы Адайя Лопес Эстеве 2016 жылдың желтоқсанында 42 жастағы ер адаммен танысқан. Екі ай өткен соң екеуі ара-қатынасын тоқтатуға шешім қабылдапты. Бірақ көп уақыт ұзамай екеуі қайтадан табысады. 4 ай уақы төткен соң, каталониялық жігіт Эстевенің мінезіне шыдамы таусылып, ажырасқысы келетінін айтқан.


Оның айтуы бойынша, экс-қызы ашу үстінде үйден шығып кетіп, біраз уақыттан соң қайта оралып, кешірім сұрапты. Оның шешіміне қарсы шықпайтынын айтып, соңғы рет ернінен сүюін сұрапты. Осы сәтті пайдаланып Эстеве жігітінің тілін тістеп, жерге түкіріп жіберген. Көршісі қатты шыққан дауысты естіп, жедел-жәрдем шақырған.


Бірнеше күн өткен соң, Эстеве сотталды. Үстінен іс қозғалып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Қыз өз кінәсін мойындар емес.


Осы оқиғадан соң, Ұлыбританияда да осыған ұқсас жағдай қайталаныпты. Қызғаншақ әйел сүйіктісінің бетіне вино құйылған ыдысты лақтырып жіберген. Қызы жігітінің өзгелермен сөйлескенін біліп қалған. Ағылшын соты жігітке 180 сағат ақысыз түзету жұмыстарын тағайындады. 




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 12:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30