Асқар Ақаевқа жаңа айып тағылды

21 желтоқсан 2021, 22:21

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа «Құмтөр» алтын кенішіне қатысты жаңа айып тағылды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Құмтөр ісі мен Асқар Ақаевқа қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, бұрынғы президент 1992 жылы «Камеко» компаниясымен заңсыз келісім жасасты деп айыпталды.

 

Еске салайық, кеше жергілікті ақпарат құралдары Асқар Ақаевқа «Құмтөр» алтын кен орнына байланысты тағылған айыптар алынып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлаған еді.