Шартарап

Әскери бөлімшедегі қырғын: тағы бір адам қайтыс болды

  • Әскери бөлімшедегі қырғын: тағы бір адам қайтыс болды

    Әскери бөлімшедегі қырғын: тағы бір адам қайтыс болды

Ресейдегі әскери бөлімшеде болған қанды қырғын кезінде зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.


Сарбаз ауруханада көз жұмған. Телеарна мәліметінше, бұған дейін ол ауыр халде жатқан.


Еске салайық, 25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған.


28 қазанда Чита әскери соты Шамсутдиновты екі ай абақтыға қамады. Оған қатысты "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


8 адамды атып өлтірді деген сарбазға қатысты атышулы іс қалай өрбіп жатыр?


Ресей Қорғаныс министрлігі күдіктіге қатысты зорлық әрекеттері жасалмағанын алға тартқан. Олардың пайымынша, Шамсутдиновтың қолға қару алуына күзет офицерімен болған "тұлғааралық қақтығыс" және "психологиялық үйлеспеу" себеп болған. Сонымен қатар, қанды оқиғаға қарауыл қызметі барысында "психикалық стресс" те әсер еткені айтылады.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 22:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30