Шартарап

Аспаз шаурма жайлы бар шындықты жайып салды (видео)

  • https://www.obozrevatel.com/

    https://www.obozrevatel.com/

Минск қаласындағы белгілі дәмханалардың бірінде 4 жыл бойы жұмыс істеген аспазшы YouTube арнасындағы "Без лица" бағдарламасына қонаққа келді. Ер адам шаурма сататын орындардың былығын әшкерелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Сұхбат барысында жас жігіт жұмысқа кіргеніне тек бір жыл болғанда, арнайы тексеріс келеді деген сылтаумен ғана санитарлық кітапшаны жасатқанын айтты.


Сөзінше, осы уақытқа дейін жұмыс беруші құжатты сұратпаған.


"Достарыммен шаурма жеуге барғанбыз. Сол жерде таныс аспазшыларың жоқ па деп сұрады. Балалар мені көрсетіп. "Ол тамақты жақсы дайындайды" деді. Сонда мені жұмысқа шақырды. Мен ол үшін арнайы аспазшының білімі, санитарлық кітапша керек емес пе деп дедім, олар өзің келсең болды деді. Сөйтіп, санитарлық кітапша тек бір жылдан кейін пайда болды", - дейді ол.

Оның айтуынша, санитарлық кітапшаны жасатпауына ақшаға сатылатын тексерушілер себеп болған.


"Барлық тексерушілер сатып алынған. Олар келген кезде мәселе ақшамен шешіледі", - дейді ер адам.

Аспаз шаурма жасайтын жерде қолымен тамақ жасап, білгенін істейтін аспазшылардың бар екенін айтады.


"Шаурма жасайтын жерде кассир мен аспазшы ғана жұмыс істейді. 90 пайыз мекемелерде дәретхана жоқ. Сол кезде кассир шығып кетсе, адамдардың ақшасын аспазшы алады. Кейбір аспазшылар қолғаппен жүріп те бір жерін қасып, жұмысын жалғастыра береді", - дейді кейіпкер.

Бұрынғы аспазшы шаурма жасайтын орындарда келеңсіз жағдайлардың жиі болып тұратынын да атап өтті.


"Бірде шаурманы келушіге бергеннен кейін қолымдағы қолғаптың бір саусағы жоқ екенін көрдім. Демек, біреуге резеңке саусағы бар шаурма түсті.

Үнемі тарақандармен қиындықтар болып жатады. Барлық мекемелерде олар бар. Азық-түліктерге жоламағанымен, дәмхананың ішінде жүгіріп жүреді.

Сондай-ақ ер адам шаурмаға қатысты айтылып жүрген алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды.


"Барлық шаурма жасайтын жерде асхана бар. Онда аспазшы соус жасап, көкөністерді турайды. Асханадағы май айына бір рет ауыстырылуы мүмкін. Әдетте тек үстінен құйылып, толтырылып тұрады.

Шаурманы мысық пен иттен жасайды деген алып-қашпа әңгіме бар. Ол өтірік. Себебі мысық пен иттен жасалса, оның бағасы қымбатырақ болатын еді. Әдетте сиыр, тауық және қой етінен жасалады", - дейді ол.


 




Көрілген: 1411    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30