Шартарап

Ата-ана FaceApp арқылы 18 жыл бұрын жоғалған баласын тауып алды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қытайда ерлі-зайыптылар 18 жыл бұрын ұрлап кеткен баласын іздеген. FaceApp нейро желісі арқылы баланың қазіргі кезде бет келбеті қандай болатынын анықтаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Parentology сайтына сілтеме жасап.


Шэньчжэнь қаласында 2001 жылдың мамыр айында 3 жасар Ю Вейфен әкесі жұмыс істейтін құрылыс кешеніне жақын жерде ойнап жүрген. Бала жоғалып кетіп, ата-ана дереу полицияға жүгінді. Өкінішке қарай, видеобақылау камералары арқылы баланың қайда кеткенін де анықтау мүмкін болмады. Ұрланған бала із-түссіз кетті. Бірақ, тергеушілер баланың ұрлап кеткені туралы анық білді.


Бірақ 18 жыл бойы Ронг және Ю есімді ерлі-зайыптылар перзентін іздеуді доғарған жоқ. Олар оның суретін қаланың түкпір-түкпіріне жабыстырып, баланы тапқан адамға үлкен сыйақы тағайындауға уәде берді.


Осыншама уақыттан кейін полиция FaceApp-та қолданылатын нейрожелі арқылы қазіргі кезде 21 жастағы ер жігіттің суретін шығарып алды. Бейнеде Ю Вейфеннің кішкентай кездегі суреттері қолданылды.


Нейрожелі екі ай бойы балаға қатысты мәліметтер жинап, оны жүздеген жаспен салыстырды. Бағдарлама Ю Вейфенді Гуанчжоудағы университеттердің бірінің студенті етіп шығарды. Содан кейін полиция жас жігітпен кездесті. Басында Ю Вейфен өзінің ұрланғанына еш сенбеген. Бірақ, ДНК-тесті арқылы тексеріліп, ол ерлі-зайыптылардың баласы екені анықталды.


 


Полиция қазір адам ұрлау дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Сондықтан, қазіргі таңда Ю Вейфеннің осы күнге дейін қайда болғаны жарияланған жоқ.




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 16:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31