Шартарап

Ата-анасы 38 жыл бұрын өздерінен ұрлап кеткен ұлын тапты

  • Ата-анасы 38 жыл бұрын өздерінен ұрлап кеткен ұлын тапты

    Ата-анасы 38 жыл бұрын өздерінен ұрлап кеткен ұлын тапты

Қытайда қарт ата-аналар 38 жыл бұрын ұрланған ұлымен қауышты. 2 жасында жоғалып кеткен бала 40 жасында ата-анасымен кездесті. 

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясынан келген отбасы 1982 жылы 12 мамырда екі жасар ұлы Джин Шуй жоғалтып алды.

 

Сол түні баланың әкесі Су Биндэ  туысына қонаққа барады. Ол түнде қайта оралатын болғандықтан үйін құлыптамай кетке. Әйелі Хуан Жэньсю ұлымен бірге үйінде қалады.

Таңертең оянғанда жанында ұлының жоқ екенін байқайды. Бүкіл ауыл баланы іздеуге шығады, бірақ таба алмады. 

Әкесі баласы туралы ең болмағанда бір ақпарат табу үшін басқа қалаларға аттанды. Ақша үнемдеу үшін оған жаяу жүруге тура келді. Уайымға батқан анасы психикалық ауруға шалдықты. Жергілікті полиция тергеу бастады, бірақ баланы ұрлау ісі ешқашан ашылған жоқ.

38 жылдан кейін полиция 70 жастағы ата-аналарға ұлының табылғандығы туралы хабарлаған. Бұл ұлттық дерекқордағы ДНҚ үлгілерін салыстыру арқылы жасалды.

Бүгінде 40 жасқа толған ұлы Джин Шуй ата-анасынан мың шақырым жерде әйелімен, екі баласымен бірге тұрған.

Адам саудасы Қытай қоғамындағы өзекті проблема. Елде жыл сайын әр түрлі жастағы 70 000 бала ұрланады немесе сатылады.

 
 

 




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.09.2020, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31