Шартарап

Ата-анасы 5 жасар қызын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Ташкентте ата-ана 5 жасар қызын ұрып, содан кейін өртеп жіберді.

Өзбекстан астанасы прокуратурасының ақпараты бойынша, 4 қарашада азамат А.В. құқық қорғау органдарына 5 жасар қызы Д.К.-ның «Компас» сауда орталығында жоғалып кеткендігі туралы хабарлама жолдады. Прокуратура мен елорданың ішкі істер басқармасы жедел-тергеу тобын құрып, дереу қызды іздестіру үшін барлық шараларды қабылдады.

Алайда тергеу-жедел тобы 5 жастағы Д.К.-ның қай жерде екенін анықтау мүмкін еместігін ескере отырып, ол кісі өлтірудің құрбанына айналуы мүмкін деген болжам жасалды және Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша дереу қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 25 қазан күні таңертеңгі сағат 3 шамасында ерлі-зайыптылар жалға алынған пәтерде алкоголь ішіп, баласын әдейі ұрып өлтіргені анықталды. Әрі қарай, қылмысты жасыру және жазадан аулақ болу үшін, ата-аналар мәйіттен құтылуға шешім қабылдады. Сол күні, таңертең мәйітті жол жүру сөмкесіне салып, оны Ташкент облысының Бостандық ауданында жалға алынған коттеджге апарып, мәйітті өртеп жіберді. Ата-анасы дененің күйіп қалған қалдықтарын сөмкеге салып, оны Чирчик өзеніне тастады. Бұл әрекеттен кейін ерлі-зайыптылар құқық қорғау органдарын шатастырып, нақты жағдайларды жасыру үшін баласының жоғалуын ойдан ойлап шығарды.

Оқиға орнына тексеру барысында қыздың мәйітінің қалдықтары табылып, айғақтар ретінде алынды. Азаматтар А.В. мен М.Ф.қылмыстық іс жүргізу барысында ұсталды.

Тергеу жалғасуда.

ktk.kz 




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 21:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31