Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ата-анасы үшін кек алған: Жеткіншек қыз Талиб әскерлерін мылтықпен жайратып салды

23 шілде 2020, 11:42

Ауғанстанда жеткіншек қыз екі Талибан әскерін атып өлтіріп, тағы бірнешеуін жаралады. Бұған себеп - сарбаздардың қыздың үкіметті қолдаушы ата-анасын оның көзінше өлтіруі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауған

Бұл туралы Daily Mail басылымында жарияланды. 

 

Камар Гюль есімді қыздың әкесі ауыл басшысы және белсенді мемлекет жақтаушысы болған сыңайлы. Соның салдарынан ол оққа ұшыптыі. Ата-анасының өліміне шыдамаған қыз қолына мылтық алып, үйдің сыртын қоршаған жауынгерлерді жайратып салады. Сарбаздардың екеуі қаза болып, бірнешеуі ауыр жарақат алған. 

Басылым мәліметінше, қыздың жасы 14-16 шамасында. Кейбір ауғандар өздерінің жасын білмейді екен. 

Көп ұзамай Талибан әскерлері Гюльдің үйіне тағы шабуыл жасаған. Алайда ауыл тұрғындары мен полицейлер олардың бетін қайтарған. Қазіргі таңда Гюль мен оның інісі қауіпсіз аймаққа көшірілген. 

Аталған жайттан соң қыздың суреті әлеуметтік желілерде жаппай тарала бастады. 

Айта кетейік, талибтер үкіметті жақтаушыларды үнемі аңдып, оларды өлтіріп отырады екен. Соңғы кездері олар тіпті елдің қарулы күштеріне ашық түрде шабуылдай бастапты.