Шартарап

Атақты актрисаны 15 жасында кім зорлағаны белгілі болды

  • Ашық дерекөздерден

    Ашық дерекөздерден

Американдық актриса Деми Мурды оқушы күнінде зорлаған адамның шын аты белгілі болды. Ол бизнесмен және Лос-Анджелестегі атақты түнгі клубтың иесі Бейзил Думас болып шықты. Бұл туралы The Sun газетіне сұқбат берген Деми Мурдың досы Джордж Джерманайдс айтқан, деп жазады РИА Новости.


Деми Мур биыл қыркүйек айының соңында өзіне жасөспірім кезінде қиянат жасалғанын айтқан. Ол 15 жасында өзін 48 жастағы ер адам зорлады деген. Болашақ актрисаның анасы Вирджиния Кинг Думас пен Джерманайдс бірлесіп басқаратын «Мирабель» мейрамханасында сол ерекекпен танысқан.


Біраз уақыттан кейін бай еркек көңіл қосқан әйелдің қызын мектеп алдында аңди бастайды. Кейін қыздың үйіне баса-көктеп кірген, оның қолында үйдің кілті болған.


"Оның шын аты - Бейзил, ал лақап аты - Вэл. Ол 1974 жылдан бері аузына шөп алмайтын момын менің серігім болды. Оның ақшасы көп болатын", - деді Джерманайдс.


Ол өз құрбысын зорлаған Думаспен 7 жылдық серіктесе жұмыс істеген соң "Мирабелді" толықтай сатып алып, байланысын үзгенін айтады.


Бұған дейін Вирджиния Кинг қызын бай еркекке 500 долларға сата салғаны туралы ақпарат тараған, бірақ актриса анасының мұндай қастыққа барғанына әлі күнге дейін сене алмай жүр.




kaz.zakon.kz

 




Көрілген: 3288    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31