Шартарап

Атамбаев аштық жариялады

  • https://fergana.ru/

    https://fergana.ru/

Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан №1 тергеу изоляторына ауыстырылды. Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Сергей Слесарев оның аштық жариялағанын мәлімдеді.

 

Саясаткерді не үшін басқа изоляторға ауыстырғаны әзірге белгісіз, мемлекеттік жазаны орындау қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

 

"Біз медициналық қызмет алу үшін Алмазбек Шаршенұлын № 47 колонияға ауыстыруын сұраған едік. Бірақ, оны СИЗО&ndash1-ге, жертөленің орын-жайына ауыстырды, ол жерде бұрын өлім жазасына кесілгендерді ұстайтын. Кәріз жүйесі жұмыс істемейді, камераның есіктері ашық, жылу жақында ғана қосылды. Осыған байланысты бүгін менің қорғалушым аштық жариялады", - деді Слесарев.

 

 

Қырғызстандағы оқиға

 

5 қазан күні Бішкекте Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелеріне қарсы митинг өтті. Кешке таман наразылық білдіргендер мен милиция арасында қақтығыс басталып, мыңдаған адам зардап шекті, біреуі көз жұмды. Түнде митингке шыққандар парламент ғимаратын басып алды, кейін Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарын, Садыр Жапаров пен түрмеде отырған басқа да саясаткерлерді босатты.

 

10 қазанда Алмазбек Атамбаев пен босатылғандардың бір бөлігі қайта ұсталды.

 

Бұған дейін ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін сотталған еді. Сот Қой-Таш оқиғалары бойынша қозғалған қылмыстық істі де қарап жатыр.

 

 

 sputnik.kz




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 03:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31