Шартарап

Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па – министрлік жауабы

  • © AP Photo / Vladimir Voronin

    © AP Photo / Vladimir Voronin

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Алмазбек Атамбаевтың ұлы - Сейітбек Атамбаев соққыға жығылды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.


"Сейітбек Атамбаев ІІМ тергеу қызметіне жауап алу үшін 8 тамыз күні шақырылды. Ешбір дене жарақаты жоқ. Келесі күні одан қосымша жауап алынды. Сейітбек Атамбаев аяғын қайырып алғанын айтты. Бұдан соң Манас даңғылындағы травматология бөліміне барды. Оның айтуынша, 7-8 тамыз күндері Кой-Таше ауылындағы оқиға кезінде жарақат алмаған. Шағым түсірген жоқ", - деп жазылған хабарламада.


Қырғызстанның ІІМ Сейітбек Атамбаев қай кезде жарақат алғанын анықтап жатыр.


Алайда Сейітбек Атамбаев Sputnik Қырғызстан тілшісімен сұқбат барысында жарақатты Кой-Таштегі оқиға кезінде алғанын айтқан.


Атамбаев қалай ұсталды


7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.


Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Енді ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.


Соңғы деректер бойынша, екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.


sputnik


 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 19:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31