Шартарап

Атамбаевтың әйелінің интернетте тараған суреті желіде қызу талқыға түсті

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың кеңесшісі Құндыз Жолдыбаева бұрынғы басшының әйелі Раиса Атамбаеваның интернетте тараған суреттеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.


Әлеуметтік желі қолданушылары елдің бұрынғы бірінші ханымының суреттерін талқылап жатыр: бірінде Раиса Атамбаева аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрса, екіншісінде шағын автобустың ішінде отыр.



Қырғызстандықтардың дені Атамбаеваның "маршруткамен" жүруін отбасы мүлкінің бұғатталуымен байланыстырды.



Құндыз Жолдыбаева экс-президенттің әйелі Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында әлі де сабақ беретінін атап өтті.


"Раиса Минахмедқызы адамгершілігі мол, қарапайым жан. Бұл суретті экс-президенттің отбасын қаралағысы келетіндер әдейі желіге салған шығар, бірақ олардың арам пиғылынан ештеңе шықпады", - деді Жолдыбаева.


Ол Атамбаеваның қоғамдық көлікпен жүруі мүліктің бұғатталуымен байланысты емес екенін жеткізді.


Атамбаев қалай ұсталды


Осы жылдың 7 тамызында Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.


Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.


Алмазбек Атамбаевтың бірнеше жақтасы да қамауға алынды.


Бұған дейін Раиса Атамбаева өзіне қатысты қылмыстық істер қозғалып жатқанын, отбасының банктердегі барлық есепшоты мен мүлкі бұғатталғанын мәлімдеген еді.


sputnik


 




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 10:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31