Атасы мен немересі сауда үйінің төртінші қабатындағы эскалатордан құлап кетті

20 ақпан 2022, 09:42

Өзбекстанның Науаи қаласындағы сауда үйлерінің бірінде атасы мен немересі эскалатордан құлап кетті. Бесінші және төртінші қабаттың арасында атасы тепе-теңдікті жоғалтып алған. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Repost.uz басылымына сілтеме жасап.

 

Әлеуметтік желіде бейне бақылау камерасына жазылған видео тарады. Оқиғадан кейін Ішкі істер басқармасында пікір білдірді.

 

Қайғылы оқиға 18 ақпанда кешкі 20:30 шамасында болған. 53 жастағы Қармана ауданының тұрғыны Науаидегі "Жаңа өмір" сауда үйіне 3 жастағы немересімен бірге барған.

 

Анықталғандай, ер адам бесінші мен төртінші қабаттың арасында тепе-теңдік сақтай алмай құлап кеткен. Ер адам оқиға орнында жан тәсілім етті, ал немересі көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

 

Аталған дерек бойынша Науаи ішкі істер басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

 

 <iframe id="telegram-post-uzmdk-12945" src="https://t.me/uzmdk/12945?embed=1" width="100%" height="" frameborder="0" scrolling="no" style="overflow: hidden; border: none; min-width: 320px; height: 551px;"></iframe>