Атыс болып, екі адам көз жұмды

17 мамыр 2022, 08:17

АҚШ-тың Техас штатының Хьюстон қаласындағы сауда орталығында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 2 адам көз жұмып, 3 адам жараланды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, атыс басталмас бұрын тұрғындардан бес ер адам арасындағы жанжал туралы қоңырау түскен. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, екі күдіктінің бірін тұтқындап, екіншісін ауруханаға жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, кеше ғана Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласындағы супермаркеттердің бірінде 18 жастағы жігіт 10 адамды атып тастады. Жараланғандардың басым бөлігі афроамерикалықтар еді.