Шартарап

Әуежайда екі ұшақ соқтығысты – фото

  • https://www.avianews.com/

    https://www.avianews.com/

Сургут қаласындағы әуежайда оталып тұрған ATR-72 маркалы ұшақ өздігінен жүріп кетіп, жақын жердегі Як-40 әуе кемесіне соғылды, деп хабарлайды РИА Новости.

 

"Алдын ала мәліметке сәйкес, 2021 жылы 1 сәуірде ұшақтарға техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалтқышы істеп тұрған ATR-72 әуе кемесі өздігінен жүріп кетті. Соның салдарынан тұрақтағы Як-40 ұшағына соғылды. Екі ұшақтың салонында экипаж да, жолаушылар да болған жоқ", - делінген ресми хабарламада.

 

 

Қазіргі кезде оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар әуежай тұрағы мен ұшақтарды тексеруге кірісті. Куәгерлерден де жауап алынуда. Негізгі мақсат – оқиғаның мән-жайын анықтау. Тексерістің нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

 

Айта кетейік, 2020 жылы Санкт-Петербург әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалған еді. S7 әуе компаниясының борты бұрылғанда "Урал әуе желілері" компаниясының ұшағын іліп кетті.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 13:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31