Шартарап

Әуежайдан бір тоннаға жуық алтын ұрланды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бразилияда бір топ қарулы адам халықаралық Сан-Паулу әуежайының жүк терминалының қоймасынан шамамен бір тонна алтын ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Globo телеарнасына сілтеме жасап.


Телеарнаның мәліметіне сәйкес, бетперде киген бес қылмыскердің атыс қаруы болмаған. Әуе айлағының аумағына өту үшін олар арнайы сигналмен жабдықталған елдің федералдық полициясының түсімен бірдей автокөліктерді пайдаланған. Көліктердің бірі терминалдың аумағына кіру жолын жауып тастаған, сол уақытта қарақшылар екінші көлікпен ғимаратқа кіріп, күзет бастығымен бірге инкассаторлық автокөлікті тұтқынға алған. Оқиға орнынан жасырынған қылмыскерлер көліктерін тастап, жедел жәрдемге отырып кеткен.


Полиция қарақшыларды іздеумен айналысып жатыр. Алайда әуе айлағы аумағында тікұшақты пайдалану мүмкін болмағандықтан, іздестіру жұмыстары оңайға соқпауда.


 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 09:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31