Шартарап

Ауғанстан халқы тәліптерге қарсы шеруге шықты

  • Ауғанстан халқы тәліптерге қарсы шеруге шықты

    Ауғанстан халқы тәліптерге қарсы шеруге шықты

Ауғанстанда жүздеген адам көшеге шығып, тәліптердің билігіне қарсы наразылық білдірді. Тәліптер шеруді күштеп таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап.

Шеру кезінде жергілікті телеарнаның бір тілшісі жарақат алып, оның операторы соққыға жығылған. 

 
“Талибанның он шақты жасақшысы мені бөлмеге кіргізіп, таяққа жықты. Қолдағы бар затпен ұрған. Талып қалдым, ес жиғанда қасымда өз әріптестерімді көрдім”, – деді журналист Таги Дарьяби.

Тәліптер билікке келгелі Ауғанстан әйелдері зәбір көре бастағанын айтып отыр. Мемлекеттік мекемелер мен сауда ұйымдарында жұмыс істейтін қыз-келіншектер қызметін жалғастыра алмай нәпақасынан айырылды. Осыған орай өткен аптада ауған әйелдері бірнеше қалада көшеге шықты. Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер, әйелдерге жұмыс істеу құқығын беру мен қыз-келіншектерді жаңа үкімет құрамына қосуды талап етті.

Оларды тарату үшін тәліптер әуеге оқ атып, көз ашытатын газ шашты.




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 18:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31