Шартарап

Ауғанстанда жанкешті өз-өзін жарып жіберді (видео)

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы шейіттік бағыттағы мешітінде жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ден астам адам қаза тапты, жүздеген адам жарақат алды. Террорлық шабуыл 8 қазан, жұма күні түстен кейін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Ауғанстан телеграм-арнасына сілтеме жасап.

 

Өлгендер мен зардап шеккендердің барлығы мешітке келушілер екендігі атап өтілді. Террористер жұма намазындағы ғибадатханада адамдардың ең көп саны жиналатын күнді арнайы таңдаған.

 

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Құндыз провинциясындағы жарылысты айыптап, кінәлілерді жазалауға уәде берді.

 

"Ислам әмірі бұл қорқынышты әрекетті айтыптап, осы ауыр қылмыс үшін кінәлілерді табуға және жазалауға уәде береді", – деп жазды Талибанның ресми өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де.

Оның айтуынша, жарылыс орнына арнайы жасақ келіп, тергеу жүріп жатыр.

 

Бұл шабуылды БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш те айыптады.

 

"Бас хатшы бұл варварлық шабуылды айыптайды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтады", – деді Бас хатшының өкілі Стефан Дужаррик.

 

"Ислам мемлекеті - Вилаят Хорасан" террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ террористік тобының бөлігі) жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Aamaj News.

 

Террористер өзін-өзі өлтірген қылмыскердің есімі Мұхаммед әл-Уйгури болғанын айтты.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 00:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31