Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ауғанстанда Президент кеңесшісін атып өлтірді

31 тамыз 2020, 20:20

Кабулда Ауғанстан Президентінің қоғамдық іс жөніндегі аға кеңесшісі Мухаммед Хасан Хотакты атып өлтірді.

 

Бұл туралы Khaama press басылымы хабарлады.

 

Аталған басылымның мәліметінше, жексенбі күні кешке Ауғанстан астанасының Кала-и-Вазир ауданында белгісіз адамдар оқ атқан. Салдарынан Президент кеңесшісі сол жерде қаза тапқан.

 

Қауіпсіздік қызметтері қосымша мәлімет бермеді. Алайда, кінәлі адамдарды жауапқа тарту мақсатында тергеу амалдары жүріп жатқанын айтқан.

 

Ешбір топ немесе жеке адам бұл шабуылды өз мойнына алмаған.

 

Ауғанстан Президенті Ашраф Гани адам өлтіргендерді айыптап, бұл жағдайды террористік акт деп атады.

 

BAQ.KZ