Ауғанстанда тележүргізуші әйелдерге қолдау ретінде эфирге маскамен шықты

23 мамыр 2022, 11:08

Ауғанстанда Талибан әйелдерге никабсыз экранға шығуға тыйым салған соң, TOLO News арнасының ер тележүргізушісі, әйел әріптестерімен ынтымақтаса отырып, оларға қолдау ретінде эфирге бетперде киіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциялары астында. TOLO News директоры Хполвак Сапай теледидардағы әйел тележүргізушілерді бейнелеу виртуалды және әйелдердің нақты қатысуын білдірмейді деп мәлімдеді.

Өз кезегінде арна жүргізушілерінің бірі Хатира Ахмади бұндай талапта хабар таратуды былай қойғанда, қалыпты сөйлей және тыныс ала алмайтынын айтты.


Әкесі мен баласы өздерін тонауға келген жігітті ұрып, саусағын кескен: Сот оларды кінәсіз деп таныды
Тәжікстандағы антитеррорлық операцияның егжей-тегжейі анықталды

Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен кейін ауған белсенділері елдің бірқатар қалаларында бірнеше рет шеру өткізіп, жаңа билікке, соның ішінде олардың құқықтарын құрметтеуге және үкімет пен жергілікті билік органдарында өкілдікті қамтамасыз етуге шақырды. Сондай-ақ киім кию талабына қарсы шығып, хиджаб және бірқатар киімдерге шектеулер қойды.