Аулаға шыққан әйел басына кресло құлап, мерт болды

03 наурыз 2022, 19:17

Ресейдің Новосибирск қаласында итпен далаға шыққан зейнеткердің басына жоғары қабаттан кресло құлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

<iframe id="telegram-post-bazabazon-10214" src="https://t.me/bazabazon/10214?embed=1&amp;tme_mode=1" width="100%" height="" frameborder="0" scrolling="no" style="overflow: hidden; border: none; min-width: 320px; height: 918px;"></iframe>

Baza Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға таңғы уақытта болған.

 

Көпқабатты үйде тұратын зейнеткер итін далаға шығарған. Кіреберіске шыққан бойда басына кресло құлап түсті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

 

Полицейлер бірден үйдің үш тұрғыны - екі қыз бен бір жігітті анықтады. Олар креслоны жетінші қабаттан лақтырған.

 

"Үйдің интерьерін жаңартуға тырыстық", - дейді.

 

Кресломен бірге екі диванды да лақтырған. Ол уақытта аулада ешкім болмаған.

 

Үшеуі де абайсызда адам өлтіру фактісі бойынша жауапқа тартылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғаны хабарланды.