Шартарап

Әуретті жерін байқамай дәрігерлер ер адамға кесар тілігін жасап тастаған (фото)

  • Көрнекі фото: lenta.ua

    Көрнекі фото: lenta.ua

АҚШ-та ақ халаттылар ер адамды әйелмен шатастырып, оған кесар тілігін жасап тастады деп хабарлайды World News Daily Report басылымы.

 

Дәрігерлердің салғырттығынан зардап шеккен Лесли Морган Уайат оларды сотқа берді.

 

Белгілі болғандай, америкалық азаматтың артық салмақтан денсаулығы сыр берген. Кеуде тұсы қатты ауыра бастаған ол Құтқару қызметіне жүгінеді. Лесли Сэнт-Мэтьюз медициналық орталығына жеткізіліп, ондағы қызметкерлер ер адамды дереу босану бөліміне жатқызады. Олар ер адамды әйел деп санап, наркоз беру арқылы кесар тілігімен босандырып алуды жоспарлайды.

 

 

"Менің жыныс мүшемді қалайша ешкім байқамаған", - деп ашуланды Лесли өзіне кесар тілігі жасалғанын білгеннен кейін.

 

Уайаттың айтуынша, дәрігерлер оған кесар тілігін жасап тастағаннан кейін 30 минут уақыт өткенде ғана оның ер адам екенін түсінген.

 

Көп ұзамай ақ халаттылар Лесли жүктіліктен емес жүрек талмасынан өзін нашар сезінген деген диагноз қояды. Енді жәбірленуші қателік жасаған дәрігерлерден 1,2 миллион доллар өтемақы өндіріп алмақ.

 

"Менің клиентім дәрігердің кесар тілігін жасау туралы ұсынысын қабылдаған кезде оған не болып жатқанын түсіне алмайтындай күйде болған. Себебі, қатты ауырсыну мен күйзелісті басынан кешірген ол өзіне кесар тілігін жасау ұсынылып жатқанын бірден ұға қоймады", - деді Уайаттың адвокаты.

 

 

Дәрігер Джошуа Вайзенберг болса, Сэнт-Мэтьюз медициналық орталығында мұндай медициналық қателіктер кейде болып тұратынына қарамастан, ота науқастың өміріне ешқандай қауіп төндірмегенін және ол тез жазылып кетуі керектігін алға тартқан.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 3252    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30