Шартарап

Ауруханада оттегі баллондары жарылып, 45 адам мерт болды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Сенбінің кешінде Бағдат қаласындағы коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған емханадан өрт шығып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al-Hadath телеарнасына сілтеме жасап.

 

Бұған дейін мерт болған 28 адам мен зардап шеккен 50 адам туралы хабарланған. Ал, Ирактың Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының мәліметінше, жексенбінің таңында оқиға салдарынан 45 адам қаза тапқан.

 

Республиканың денсаулық сақтау министрлігінен ресми мәліметтер келіп түскен жоқ.

 

Бағдаттың оңтүстік-шығысындағы Ибн-әл-Хатыб ауруханасындағы өрттің шығуына оның екінші қабатында орналасқан жансақтау бөліміндегі оттегі баллондарының жарылуы себеп болған. Екіқабатты ғимарат толық өртеніп кеткен.

 

Өртті сөндіруге 30-ға жуық жасақ жұмылдырылды.

 

Куәгерлердің айтуынша, өрт басталғанда, дүрліккен адамдар ғимараттан шығатын жер іздеген.

 

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің соңғы мәліметтері бойынша, сол кезде ауруханада шамамен 200 адам болған.

 

Ирак елінің премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми оқиғаны жан-жақты тергеуді бұйырды, бүкіл елде үшкүндік аз тұту жарияланған.

 

 

 

 

 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 18:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30