Австралияда су тасқынынан 7 адам қаза тапты

27 ақпан 2022, 15:04

Австралияның Квинсленд штатында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда бірнеше күннен бері нөсер толастамай, соңы тасқынға ұласты. Аласапыранда 7 адам опат болды.

Мыңдаған үй жарықсыз қалды. Қазір жергілікті туристік орындардың барлығы жабық тұр. Эвакуациялау орталықтарына мыңнан аса адам жеткізілген. Ал мамандар жауын жуық арада басылмайтынын айтады. Катарина Кэролл, полиция комиссары: - Тұрғындарды тағы да сақ болуға шақырамыз. Қазір жағдай күрделі. Көз жұмғандар бар. Кейінгі екі күнде ахуал ушығып кетті. Сондықтан биліктің айтқандарын тыңдап, ескертулерді естен шығармаңыздар. Осы категория бойынша: « Харьковте жарылыс болып, Васильковте мұнай базасы өртенді Google платформасында ресейлік БАҚ-тың пайда табуына тыйым салынады». 

baq.kz