Автобус жарылып, бір адам қаза тапты

01 мамыр 2022, 15:41

Ауғанстан астанасы Кабулда шағын автобус жарылып, бір адам мерт болды. Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Жарылыстан бір әйел көз жұмып, үш адам зардап шекті.

 

"Ислам мемлекеті" (ДАИШ – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) шабуылды ұйымдастырғанын мойындады.

 

Айта кетейік, биыл 29 сәуірде Кабулдегі мешітте жарылыс болып, 50-ден аса адам қаза тапты.

 

Сондай-ақ сол күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында екі жарылыс тіркеліп, 10 адам мерт болды.

 

Өткен аптада бірнеше жарылыс салдарынан 40 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жарақат алған.

 

2021 жылғы тамыздан бастап Ауғанстан билігі "Талибанның" (Қазақстанда  тыйым салынған террористік ұйым) қолында.