Баварияда туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан 32 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік Рейн-Вестфалиядан жоғарғы Баварияға бара жатқан туристік автобус жол апатына ұшыраған.
Салдарынан 32 адам зардап шекті, оның 11-і ауыр халде жатыр.
Зардап шеккендерді эвакуациялау үшін тікұшақтар тартылды, олар жақын маңдағы ауруханаларға жіберілді.
Адам шығыны тіркелген жоқ.
Автобуста 61 адам, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер болған.